Каратэден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғаш рет 1-орын алды

Каратэден Қазақстан құрамасы Малайзияда өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұғырдың ең жоғары сатысына Қайсар Алпысбай (60 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін) көтерілді.

Қыздар арасында Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін), Мөлдір Жаңбырбай (50 келіге дейін), Гүлмира Үсенова (55 келіге дейін) және "кумитэ" бойынша ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды.

Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін), Лия Қошқарбаева ("ката" жаттығуы), Данияр Юлдашев (84 келіге дейін) және Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) құрама қоржынына қола медаль салды.

Жарысқа барлығы 31 елден 400-ден астам каратэ шебері қатысты. Қазақстанның намысын 19 спортшы қорғады. Біздің құрама жалпымедальдық есеп бойынша бірінші орынға көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы каратэнің отаны - Жапонияны да артқа тастады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!