"Қазпошта" ресейлік төлем жүйесімен жұмысын тоқтатты

"Қазпошта" ресейлік төлем жүйесімен жұмысын тоқтатты
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның ұлттық пошта операторы ресейлік "Юнистрим" төлем жүйесіндегі барлық операцияны тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл "Юнистримге" бұған дейін салынған санкцияларға байланысты.

"2023 жылғы 21 шілдеден бастап "Қазпошта" АҚ "Юнистримнің" санкциялар тізімдеріне енуіне байланысты "Юнистрим" ақша аударымдарын қабылдау/беруді тоқтатты", - деп хабарлады ұлттық оператор.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан