Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталуына қатысты түсінік берді

Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталуына қатысты түсінік берді
Фото: Tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының "ұсталуына" қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және Telegram-каналдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысын ұстағаны туралы ақпарат таратып жатыр.

Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпарат өтірік.

"Аталған адамдар ұсталған жоқ. Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және Telegram-каналында жарияланады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан