Өскеменде жаппай төбелес видеоға түсіп қалды: арасында қыздар да бар

Өскеменде жаппай төбелес видеоға түсіп қалды: арасында қыздар да бар
Фото: видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында бақылау камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 шілдеде Өскемен полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамның дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады.

Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан