СҚО-да аю 43 жастағы ер адамды талап тастады

СҚО-да аю 43 жастағы ер адамды талап тастады
Фото: abakshino.ucoz.kz

Солтүстік Қазақстан облысында хайуанаттар бағында аю ер адамға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 30 маусымда СҚО Қызылжар ауданының полиция бөліміне "Абакшино" демалыс аймағының аумағындағы хайуанаттар бағында ер адамға аюдың шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Фото: abakshino.ucoz.kz

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті, содан кейін ол ауруханаға жатқызылды.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жабайы жануардың 6 маусымда осы демалыс аймағына қабылданған 43 жастағы ер адамға аумақты жинау және жануарларды азықтандыру үшін қызмет көрсету шарты бойынша сынақ мерзіміне тістеген жараларын келтіргенін анықтады.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина