Оңтүстік облыстарда аптапқа байланысты ескерту жарияланды

Оңтүстік облыстарда аптапқа байланысты ескерту жарияланды
Фото: https://sarov24.ru/

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында қатты аптапқа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 24 шілде күні күндіз Шымкентте 40 градус, Түркістанда 41-43 градус ыстық күтіледі. Дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері төтенше өрт қаупі сақталады.

Оңтүстік өңірлердің тұрғындары аптапқа байланысты қарапайым ережелерді есте сақтауы керек.

Ыстық ауа райында, ең алдымен, физикалық белсенділікті азайту керек. Адам ағзасындағы жылу алмасу (зат алмасу жылуының түзілуі) физикалық белсенділік деңгейіне, климатқа бейімделуіне, жасына және дене бітіміне байланысты.
2. Тікелей күн сәулесінен аулақ болыңыз. Көлеңкеде көп жүру абзалырақ. Мүмкіндігінше сырттағы уақытыңызды азайтыңыз.

3. Ыстықтан қорғану үшін бас киім киіңіз, әсіресе 55 жастан асқан егде адамдар. Қолшатырмен жүріңіз, одан ұялудың қажеті жоқ. Қолшатыр күн сәулесінен жақсы қорғайды.

4. Ыстықта ақыл-ой әрекеті жүйке жүйесіне де кері әсер ететіні дәлелденген. Ауа райы ыстық елдерде олардың физикалық белсенділікті төмендетуі таңғаларлық емес. Әсіресе ыстық болған уақыт 33 градустан жоғары, шамамен сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін дененің өнімділігі төмендейді, сондықтан дене шамадан тыс жүктемені көтере алмайды.

5. Рөлде көп уақыт отырмаңыз. Қалыпты ыстықтан жүргізушінің зейіні мен байсалдылығы айтарлықтай төмендеп, кейбір реакциялар бұзылып, соның салдарынан жол-көлік оқиғаларының саны артады.

6. Сұйықтықты көп ішіп және жемістер жеңіз, бұл минералды тұздар мен витаминдердің негізгі жеткізушісі. Жемістерді шексіз мөлшерде тұтынуға болады. Суды қайнатылған, бөлме температурасына дейін салқындатылған немесе газдалмаған минералды суды ішкен дұрыс.

7. Табиғи матадан тігілген ашық түсті, кең киім киіңіз. Синтетикалық матадан тігілген киімдер мұндай ыстықта тері ауруларына әкеліп соқтыруы мүмкін.

8. Суға шомылу - денені салқындату үшін жақсы әдіс. Тек сіз шомылу ережелерін сақтауыңыз керек және мүлдем алкогольді ішімдік ішпеңіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек