Жүк көлігі автобусқа соғылып, бір жолаушы қаза тапты

Жүк көлігі автобусқа соғылып, салдарынан бір жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Апат салдарынан 24 адам зардап шекті, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 шілдеде Сокулық ауданындағы Ақ-Ордо-3 тұрғын алабында болған. Жүк көлігі шағын жолаушылар автобусына соғылып, қазіргі уақытта жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде жүк көлігі жүргізушінің екі аяғын басып қалғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!