Ұшақ апатқа ұшырап, бір бала ғана аман қалған

Бүгін Суданның Порт-Судан қаласындағы халықаралық әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі belta.by сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі уақытта Порт-Судан әуежайында ұшу кезінде техникалық ақау салдарынан An ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, бір бала ғана аман қалды.

Зардап шеккендердің саны әзірге нақтыланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!