Қою қара түтін басқан бағана Қарағанды ​​тұрғындарын алаңдатып қойды

Қою қара түтін басқан бағана Қарағанды ​​тұрғындарын алаңдатып қойды
Фото: оқиға куәгерлері түсірген кадрлардан

Қарағандыда Сәтбаев көшесінде орналасқан "Қарағанды ​​жарық" трансформаторлық қосалқы стансасынан шыққан өрт пен қою қара түтін бағанасы жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Оқиға жексенбі, 23 шілде күні түстен кейін болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы хабарлама сағат 13:15-те түскенін хабарлады. "Қарағанды ​​жарық" ЖШС аумағында 15 шаршы метр аумақта трансформатордың майы жанып кеткен.

"Өрт 14:24-те сөндірілді. Су төгу жұмыстары аяқталғаннан кейін "Қарағанды ​​жарық" ЖШС күштері №4 трансформатордан қуат алатын абоненттерді көршілес трансформаторға қосады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Терещенко (@sergey.tereshcenko)

"Вечерняя Караганда" басылымының хабарлауынша, қаланың орталық бөлігіндегі қосалқы стансадағы өрт салдарынан электр жарығы өшіп қалған. Жарық екі сағат ішінде қосылатынын айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Вечерняя Караганда" (@vk_gazeta)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан