Шығыс Қазақстанда дәрігерлер тауда аттан құлаған қызды құтқаруға тікұшақпен барды

Шығыс Қазақстанда дәрігерлер тауда аттан құлаған қызды құтқаруға тікұшақпен барды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз болған.

Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан