Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан.

Фото: Polisia.kz

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған үш жолаушысы көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де, сондай-ақ үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина