Мбаппе ПСЖ-дан кете ме? Париждік клуб шабуылшыны трансферге қойды

Мбаппе ПСЖ-дан кете ме? Париждік клуб шабуылшыны трансферге қойды
Фото: ©instagram.com/k.mbappe/

Белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо ПСЖ жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппені трансферге шығарды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"ПСЖ Мбаппені бүгіннен бастап сатуды қарастырып жатыр. Клуб Мбаппенің 2024 жылы келісім шарты аяқталғаннан кейін тегін кеткенін қаламайды. Алайда, француз ойыншысы Аль Хелайфидің көпшілік алдында айтқан мәлімдемесіне қарамастан, өз болашағы жайоы әлі ештеңе айтқан жоқ. Сонымен қатар ПСЖ Килианды жапоняда өтетін оқу жаттығу жиындарынан шетету туралы шешім қабылдады", - деп жазды Романо өзінің твиттерінде.

Қазіргі уақытта Мбаппенің ПСЖ-мен 2024 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар. Бұған дейін оның еркін агент ретінде кетуі Париж клубы үшін күрделі қаржылық мәселелерге әкелуі мүмкін екендігі туралы хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов