Шығыс Қазақстанда биік таулы жердегі өрт оқшауланды

Шығыс Қазақстанда биік таулы жердегі өрт оқшауланды
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстанда биік таулы жердегі өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 22 шілдеде сағат 11.00-де Қатанқарағай ауданының Берел орманшылығы аумағындағы өрт шамамен 7 га аумақта оқшауланды.

Жекелеген ағаштар мен шөп жабыны жанды.

Өрт 18 шілдеде жетуі қиын таулы, жартасты жерде басталып, өртті сөндіруді қиындатты. Жалынмен арпалыс кезінде өртті сөндіруге қатысушыларға оттың таралуына жол бермеу үшін  тау-тасты аралап, жалынды басып, бар күш-жігерімен биікке көтерілуге тура келді.

Өртті ауыздықтауға орманшылар, орт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 155 адам мен 13 бірлік техника, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО авиабөлімшесі мен Қазавиаорманқорғаудың 3 тікұшағы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина