Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды

Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды
Фото: elements.envato.com

Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жауын-шашынға байланысты сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артып, су беру уақытша тоқтатылды.

Соның нәтижесінде мына мекенжайлардағы тұтынушыларға су беру тоқтатылды: Юбилейный ш/а., Тау Самал ш/а. (Каменск үстірті), "ВИП Алем" коттедж қалашығы, "Европолис" ТҮК, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.

"Көк Төбе" ш/а., "Самал 1-3", ш/а. "Таулы қырат" ш/а-дағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелеріндегі желідегі судың қысымы төмендеді.

Тау өзендердегі судың лайлануы тазарған сайын сумен қамту қалпына келтіріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина