Ақмола облысындағы құрғақ шөп жанып, өрт шықты

Ақмола облысындағы құрғақ шөп жанып, өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

21 шілдеде сағат 16.32-де Степногорск қаласының Азат ауылы ауданында 400 га алаңда құрғақ шөп жана бастаған.

Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылдарының, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 19.30-да оқшауланып, сағат 21.30-да сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Ақмола облысының орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдарының және ТЖД күштері мен құралдарынан 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!