Футболдан ӘЧ Қазақстан мен Өзбекстанда өтуі мүмкін

Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге өтінім бере алады. Бұл туралы өзбекстандық басылым Championat.asia жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл мәлімдеме туралы Қырғызстанда өткен орталық азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары қатысқан саммитте айтылды. Бұл жиынға екі федерацияның басшылары қатысқан болатын. 2034 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізу идеясын ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов алға тартқаны атап өтілді  

"Екі федерация арасындағы достық қарым - қатынас соңғы жылдары біздің командалар мен клубтар арасында жолдастық кездесулер ұйымдастырудың арқасында жоғары деңгейге көтерілді", - деп жазды өзбекстандық басылымдар. 

Айта кетейік, 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге бірқатар елдер үмітті. Олардың арасында Сауд Арабиясы мен Қытай да бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!