Алматыда былтыр жоғалып кеткен қыз табылды

Алматыда 2022 жылы желтоқсанда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз табылды. Бұл туралы LIDER.KZ Instagram-парақшаларында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 2022 жылдың 24 желтоқсанында жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы ауданы Төле би көшесі №109 үйден шығып кеткен. Артынша оның қайда жүргені белгісіз болды. 

Еріктілердің сөзінше, ол 2023 жылдың 4 сәуірінде табылған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болған екен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!