Александр Недовесов Швециядағы турнирдің финалына өтті

Александр Недовесов Швециядағы турнирдің финалына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлдені сарапқа салады. 

Бұл Недовесовтің жұптық сында АТР 250 додаларындағы бесінші финалы болмақ. Қазақстандық теннисші 2022 жылы Дэлрей Бич, Мельбурн және биыл Хертогенбос, Баня-Лука турнирлерінің соңғы бәсекесінде өнер көрсетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан