Алматыдағы дауыл: 7 көлікті ағаш басып қалды (видео)

Алматыда дауылдың салдарынан көліктерді ағаш басып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19:00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы дауылдың салдарынан 7 көлікке ағаш құлаған.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында 109-құтқару жасағының қызметкерлері, мердігерлік ұйымдар, аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін "Қазгидромет" қалада найзағай ойнап, батыстан секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғатыны туралы дауылды ескерту жасаған еді.

Сонымен қатар "Қазгидромет" ертең, 22 шілдеде 35 градус ыстық болатынын ескертті.

Еске салайық, мұның алдында Алматыдағы дауылдың салдарынан қаладағы бірнеше ауданда электр қуаты сөніп қалғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!