Алтыншы баласына екіқабат әйелдің адам танымастай өзгерісі Қазнетті елжіретті

Алтыншы баласына екіқабат әйелдің адам танымастай өзгерісі Қазнетті елжіретті
Фото: instagram.com/jemelle_beauty/

Желіде көпбалалы ананың адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видеоның авторы - сырт келбетін өзгертуге қаражаты жетпейтін адамдарға көмек көрсетіп жүрген блогер Жәмилә Серікқызы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер, сұлулық салонының иесі Жәмилә Серікқызы Instagram-парақшасында жобасындағы жаңа кейіпкерін таныстырды. Бұл - блогердің 8-кейіпкері. Кейіпкердің жасы 40-та, ол 5 баланың анасы, 6-сәбиге аяғы ауыр. Кейіпкердің үйі жоқ, ол 1 бөлмелі пәтер жалға алып тұрады. 

Блогердің айтуынша, ол кейіпкерді мешіттің алдында қайыр сұрап тұрған жерінен тауып алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jemelle_beauty | AKTOBE (@jemelle_beauty)

Блогер кейіпкерге жаңа киім, аяқкиім, сөмке алып берді. 

Бұдан басқа, көпбалалы ананың шашын, бет-әлпетін ретке келтіріп, азық-түлігін алып, перзентхана сөмкесін дайындаған.

Желі қолданушылары аяғы ауыр әйелдің өзгерісіне тамсанып пікір қалдырған. 

"Қандай әсерлі, қандай мықты қыздарсыңдар", "Аялап, бар махаббатын әйелден аямаса, барлық әйел әдемі ғой шіркін", "Алла жасаған жақсылықтарыңызды еселеп қайырсын", "Аман-есен босанып шықсын", - деп жазған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек