Ақтөбелік тұрғынның колониядағы туысына әкелген кір жуатын ұнтақтан "тосынсый" шықты

Ақтөбеде тұрғын №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан туысына кір жууға арналған ұнтақ апарған. Оның ішінен бөгде зат алынды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиэтилен пакет ішінде қара қоңыр түсті зат болған. 

Колонияға кір жууға арналған ұнтақты 26 жастағы тұрғын ағасына алып келген. Ол "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша жазасын өтеп жатқаны айтылды.

"Құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша хаттама жасалып, тергеу басталды. Сараптама қорытындысы бойынша белгісіз заттың есірткі заты екені дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыс құрамы анықталмаса, іс жабылады", - деді ҚАЖД басшысы Руслан Оразбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!