Найзағай, жаңбыр, дауыл: бүгін ауа райы қандай болады?

Найзағай, жаңбыр, дауыл: бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 жылы.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 21 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 21 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 18 метр күтіледі. 21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 21 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 21 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. 21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер күтіледі. Түнде облыстың батыс жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда секундына 23 метр күтіледі. 21 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда  21 шілдеде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда секундына 23 метр күтіледі.

Атырау облысының 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 21 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 21 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15 метр. 21 шілдеде облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. 21-23 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 21-23 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 21 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі. 21 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 21 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 21 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде 21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық, 21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейде 21 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Костанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қостанайда 21 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. 21 шілдеде облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 21 шілдеде күндіз найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20, екпіні секундына 25 метр күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. 21 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта 21 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 21 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек