Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: ауыл тұрғындары ереуілге шықты

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: ауыл тұрғындары ереуілге шықты

Бүгін, 20 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылындағы кафелердің бірінде қаза тапқан кәмелетке толмаған қызды еске алу асы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыдан кейін сағат 12:00-де марқұм қыздың ата-анасының туыстары, яғни 20-дан астам адам педофилдерге қатаң жаза қолдану талаптарымен жергілікті әкімдікке бет алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

Оқиға орнына аудан әкімі, прокуратура өкілдері мен Түркістан облысының полиция департаментінің қызметкерлері барды. Полицейлер жиналғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олар бір жарым сағаттан кейін үйіне тарқады.

Қазіргі уақытта ауылдағы жағдай бірқалыпты және қандай да бір қоғамдық тәртіп бұзылмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан