"Енді Семейге бармаймын". Желіде каптаған жәндіктің видеосы жұртты үрейлендірді

Фото: shakenov.ali/видео кадры

"Қанатты жәндіктерді" камераға түсіріп алған Семей тұрғынының видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы Әли TikTok-парақшасында жәндіктер түсірілген видео топтамасын жариялады. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Оның айтуынша, видео 18 шілдеде Семейде түсірілген. Әли видео жалған емес және өңдемегенін, барлығын сол қалпында түсіріп алғанын түсіндірді.

@shakenov.ali #семей#fyp #rge ♬ оригинальный звук - Али Шакенов

700-ге жуық пікір жазылған жазба астында әлеуметтік желі қолданушылары видеодағы көбелек, маса немесе басқа қандай жәндік екенін анықтауға тырысқан.

"Шығу қорқынышты", "Құстар қайда?", "Иә, осындай", "Енді Семейге бармаймын", "Басында қар деп ойладым",- деп желі қолданушылары пікір білдірді.

Редакция тілшісі Семей әкімдігінің баспасөз қызметінен видеодағы жағдайға байланысты пікір беруді сұраған. Ведомство мәліметінше, қалада шыбын-шіркейлердің жаппай көбеюіне жол бермеу үшін зиянкестермен күресу жұмыстарының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар күзгі маусымға дейін жалғасады.

Әкімдік мәліметінше, санитарлық тазалау адамдардың жаппай демалатын орындарына, саябақтар, гүлзарлар, жағалауларға жүргізілген. Жұмысқа 20-дан аса дезинфекторлар мен биолог-энтомологтар, сондай-ақ арнайы техникалар, моторлы бүріккіштер, термогенераторлар, дезинфекциялау машиналары жұмылдырылған.

"Өңдеу үшін елде қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттардың тізіміне енгізілген адам мен жануарларға қауіп төндірмейтін заттар пайдаланылады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Зоология институты мәліметінше, бейнежазбадағы дернәсілі суда өмір сүретін көне жәндіктер отряды май шыбындары (Ephemeropteta).

"3-4 күннен кейін олар жойылып кетеді", - деді институттың баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан