"Махаббаттың қызығына батып кеткен". Алматыда ерекше ұрлық видеоға түсіп қалды

"Махаббаттың қызығына батып кеткен". Алматыда ерекше ұрлық видеоға түсіп қалды
Фото: instagram.com/almaty_police_department

Алматыда қоғамдық орындағы телефон ұрлығы камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, оқиға Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысына жақын жерде орналасқан аллеяда болған.

"Оқиға таңғы 04.30-да өрбіді. Жастар орындықта отырған кезде белгісіз біреу артынан келіп, iPhone маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін байқамай қалды. Қаскөйдің қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп, қылмысты ашуға жақсы көмек болды. Күдікті 1990 жылы туған С. есімді ер адам болып шықты. Ол ұсталып, ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина