Атырау облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді - ҰҚК

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қазақстандағы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспассөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 17 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру).

"Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалы жүргізілді. Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталмады", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!