Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" саммиті аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!