Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен екі елдің байланысын нығайту туралы сөйлесті

Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен екі елдің байланысын нығайту туралы сөйлесті
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің" бірінші саммиті аясында Кувейт Мемлекетінің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Кувейтпен байланысты нығайтудың маңызын айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі және барлық басым бағыт бойынша өзара іс-әрекетке тың серпін беруге дайын.

Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Астана мен Әл-Кувейт арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан