Елена Рыбакина WTA рейтингінде эйс бойынша көш бастады

Елена Рыбакина WTA рейтингінде эйс бойынша көш бастады
Фото: Tennis World USA

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылы WTA турнирлерінде эйс бойынша көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштіктегі орнын сақтап қалды, ал қазір эйс бойынша бірінші орынға шықты.

44 кездесуде қазақстандық теннисші 349 эйс жасады. Рыбакинадан кейін франциялық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Каролин Гарсия тұр. Ол 42 кездесуде 305 эйс орындады.

Үшінші орында Елена Рыбакинаның басты қарсыласы, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко тұр. Беларусь теннисшісінің еншісінде 48 кездесу бойынша 275 эйс бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан