Алматыда телефон ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды

Алматыда телефон ұрлаған азамат видеоға түсіп қалды. Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ұрлық Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысына жақын жерде орналасқан аллеяда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Оқиға таңғы 04:30-да болды. Жастар орындықта отырып, белгісіз біреудің артынан келіп, iPhone телефонын ұрлап кеткенін байқамай қалды. Қаскөйдің қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп, қылмысты ашуға жақсы көмек болды. Бұл 33 жастағы С. есімді азамат болып шықты. Ол ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!