Ақтөбе әкімдігі 77 миллион теңгеге 2 электрмобиль сатып алмақ

Ақтөбе әкімдігі 77 миллион теңгеге 2 электрмобиль сатып алмақ
Фото: elements.envato.com

Мемлекеттік сатып алулар сайтында екі электрмобиль сатып алуға қызық лот пайда болды. Тапсырыс беруші - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысы әкімдігінің Іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Олар әр электрмобиль үшін 38 990 000 теңге төлеуді жоспарлап отыр. Өтініште электрмобильде төрт доңғалақты жетек, кемінде 5 орындық және 4 есік болуы керек делінген. 

Сондай-ақ, көлікте екі аймақтық климаттық бақылау, кілтсіз ашу, дисплейі бар мультимедиялық жүйе, тұрақтандыру жүйесі, құлыпқа қарсы тежегіштер, алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, қашықтан жиналатын артқы орындықтар, жарық және жаңбыр датчиктері болуы керек делінген. 

Орындаушы тиісті органдарға автокөлікті тіркеу үшін құжаттардың толық пакетін ұсынуға міндетті.

Байқау әзірге өткізілген жоқ.

"Ақтөбе облысы әкімдігінің Іс басқармасы" КММ облыс әкімдігінің қолданыстағы автопаркін жаңарту қажеттілігіне байланысты екі электрмобиль сатып алуға тендер жарияланғанын түсіндірді.

"Олардың басты артықшылығы - электр қуатының арзан екені және экологиялық тазалығы. Электрмобильдерді пайдалану нәтижесіне қарай автопаркті одан әрі жаңарту мәселесі қаралатын болады", - делінген жауапта.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек