Жілікті қолмен шаққан әйелдер Желідегі жұртшылықты сүйсінтті

Жілікті қолмен шаққан әйелдер Желідегі жұртшылықты сүйсінтті
Фото: Видеоскрин

Әлеуметтік желіде Омбы қаласында жілік шаққан әйелдердің бейнежазбасы елді сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнежазбадан қаумалаған жұрттың жілік шағып жатқан әйелдерді тамашалап тұрғанын аңғаруға болады. Бірнеше қазақ әйелі алма-кезек кәрі жілікті қолмен ұрғылап сындыруға тырысқан. Қазақ тілінде қалжыңдасқан әйелдердің әрекетіне көпшілік таңғалып, сүйсінгендерін жасыра алмады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage)

"Жілік шағу ерлі-әйел затына қарамайды", "Қомақты жүлде болған соң қолдың күші сынға түсіп тұр", "Мына келіншектің қолына түсіп қалмаңдар, желкелеріңді үзеді", "Әйелдер мықты", "Қазақ жері ғой ОМБЫ, жілікті ер адам шағушы еді", "Омбының әйелдері мықты екен", "Атам заманнан жілікті қолмен шаққан, жарайсыңдар", - деді желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов