Экс-генерал Күдебаевтың қалай қашып кеткені белгілі болды

Экс-генерал Күдебаевтың қалай қашып кеткені белгілі болды
Фото: gov.kz

Алматы облыстық соты экс-генерал Серік Күдебаевтың елден қашуы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Күдебаевтың елден қашу ісі қаралды.

"Сотталушы К. 15 наурызда 2023 жылы сағат 04:30 шамасында Кеген ауданында қылмыстық жоспарға сәйкес шекарадан еркін өтуге кедергі жасайтын тікенді сым спиральді қауіпсіздік тосқауылының төменгі сымын көтеру арқылы, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінен тыс қасақана шекараны заңсыз кесіп өткен.

Осылайша, К. Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып, соттан қашып кеткен. Ұсталғаннан кейін ол Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Серік Күдебаев 392-бап "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша кінәлі деп танылған болатын. Ол алты айға бас бостандығынан айырылды. Жалпы, жазаның негізінде және ішінара қосу арқылы генерал 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді. 

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Кейін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды. 

Ал ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ал БАҚ-та "генерал Солтүстік Кипрде жүр" деген ақпарат та тараған еді. Бас прокуратура Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткені туралы мәлімдеме жасады. 

Қашқын генерал Күдебаевтың тауда жеке шаруашылығы бар - ҰҚК

Ал кеше Бас прокуратура генерал Күдебаев ұсталғанын растады.

28 сәуірде Күдебаевқа сот үкімі шықты. Жетісу облыстық соты мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек