Қостанай облысында ер адам ауылдасын ұрып өлтірген

Қостанай облысында ер адам ауылдасын ұрып өлтірген
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының полиция қызметкерлері ауылдасын ұрып өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қылмыс Меңдіқара кентінде болған. Полицияға аудан орталығының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің маңынан ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қаза тапқан адамның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері барын анықтады.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Жүргізілген сот-медициналық сараптамасы алған дене жарақаттарынан зорлық-зомбылықпен өлім дерегін растады.

Осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті қылмысты мойындап, ішімдік ішу кезіңде ер адамдар арасында жанжал болғанын айтты. Салдарынан күдікті жәбірленушіге бірнеше соққы жасап, өлтіріп қойған.

Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек