Президент жұмыс сапарымен Жиддаға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки күтіп алды.

Еске салайық, бұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!