Өскеменде балалар тауып алған адамның бас сүйегі тұрғындарды үрейлендірді

Өскеменде балалар тауып алған адамның бас сүйегі тұрғындарды үрейлендірді
Фото: novosti_uka

Тәртіп сақшылары оқиғаның болғанын жоққа шығармады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас сүйек Өскеменнің Шмелов Лог ауданы аумағында табылды. Балалар суретке түсіріп, алдымен ата-аналарына көрсетіпті. Қатты қорыққан олар ақпаратты бірден әлеуметтік желілерде бөліскен.

"Мектепте оқып жүргенімде ұлдар жолдың шетінен адамның қаңқасын тауып алған еді. Шашы түсіп бітпеген, беті қатпарланып кеткен сұлба әлі есімде. Бас сүйекті үшкір таяққа қадап, мектептегі қыздарды қуалап қорқытатын. Сосын оны үлкендер көріп, артынша полиция шақырылды", – деді Галина Дзюба есімді тұрғын.

Түс кезінде балалар назарына іліккен зат жайлы тәртіп сақшылары ресми ақпарат ұсынды. Соған сүйенсек, Железнодорожная көшесінде табылған адамның бас сүйегі мен сүйек-қаңқалары туралы факті белгіленген тәртіппен тіркелді.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның нәтижесінде тиісті сараптама жасалып, анық-қанығы белгіленеді. Өзге мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес таратуға жатпайды", – делінген ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметте.

Асыл Бигелді 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы