Шығыс Қазақстанның таулы жерлеріндегі өрт ауыздықталды

Шығыс Қазақстанның таулы жерлеріндегі өрт ауыздықталды
Фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстанда жетуі қиын таулы жерлердегі өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орманшылардың, өртсөндірушілердің және ЖАО бірлескен күш-жігерімен Черно-Убинск орманшылығында орман жабынындағы өрт 7 гектар алаңда ауыздықталды.

Таулы жерлерге байланысты ШҚО әкімдігінің әуебөлімдерінің Ми-8 тікұшағымен өрт сөндірушілер, орманшылар және "Қазәуеқорғау" десанты жану ошағына жеткізілді.

Өртті сөндіруге ШҚО орман шаруашылығы мен ТЖД-дан 72 адам, 4 бірлік техника, ШҚО авиабөлімшесінің МИ-8 және МИ-2  мен Қазавиақорғау тікұшақтары жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан