Басқарма қызметкерлері кәсіпкерді 18 миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген

Басқарма қызметкерлері кәсіпкерді 18 миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген
Фото: Тұрар Қазанғапов

АШМ Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Олар жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина