Кәрім Мәсімовтің есімі терроризмді қаржыландыруға қатысы бар адамдардың тізіміне қосылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті және оның экс-орынбасарларын терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 1 шілдеде тізімге бірнеше адам қосылған. Олардың ішінде Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары – Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов пен Дәулет Еділұлы Ерғожин бар.

Сонымен қатар 1 шілдеде тізімге басқа да есімдер: Тәңірбергенов Арман Тәңірбергенұлы және Швецов Алексей Анатольевич қосылған.

Еске салайық, 24 сәуірде Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді. Кәрім Мәсімов генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан да айырылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!