Ақтауда қансыраған ер адам сауда үйінің есігін сындырып кеткен

Ақтауда қансыраған ер адам сауда үйінің есігін сындырып кеткен
Фото: Lada.kz

Ақтау тұрғыны 17-шағынауданындағы "Флоренция" тұрғын үй кешенінің маңындағы тротуарда қан іздерін видеоға түсіріп алған. Оқиғаның мән-жайын жылжымайтын "Флоренция" тұрғын үй кешенінің Мүлік иелерінің бірлестігі төрағасы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға куәгерлері Lada.kz редакциясына видео жолдаған, онда "Флоренция" тұрғын үй кешеніндегі коммерциялық ғимарат есігінің әйнегі сынғаны және қан көрінеді. 

"Флоренция" ТК МИБ төрағасы оқиға бүгін, 2023 жылғы 17 шілдеде болғанын айтты.

"Қансырап жатқан белгісіз ер адам шлагбаумнан өтіп, "Флоренция" тұрғын үй кешеніндегі сауда үйінің әйнек есігін сындырып, кетіп қалған. Болжам бойынша ол мас болған. Үй-жайдың иесі полицияға арыз жазды", - деді Мүлік иелерінің бірлестігі төрағасы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек