Алматыда жасанды бұлт пайда болғаны рас па?

Instagram-да Алматыда түсірілген ерекше бұлттардың видеосы пайда болды. Бұл - жасанды бұлттар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым видеоның қай жерде және қашан түсірілгенін анықтау үшін оның скриншотын суреттерді кері іздеу құралдарының көмегімен тексерді. Нәтижесінде, бұл кадрлардың 2021 жылы Қытайдың Шицзячжуан қалалық округінде түсірілгені белгілі болды.

Бұл жасанды бұлттар емес. Бұл - Мамматус бұлттары, түйдек бұлттардың бір түрі. Мамматус бұлттары кәдімгі түйдек бұлттардағы турбуленттіліктің нәтижесінде пайда болады. 

Жазба авторы "жасанды бұлттар" видеосына бұлттардың жасанды түзілу әдісіне берілген патенттің скриншотын тіркеген. оның авторлары - ғалымдар В.Б. Лапшин мен А.А. Палей. 

Желіде бұл патентті скриншоттағы нөмір бойынша табуға болады. Патент Желіде 2005 жылдан бері бар. 

Патенттік өтінім де сол кезде мақұлданған болар. Алайда ол қазір жарамды ма, сипатталған технологияны жүзеге асыра алды ма, мұны айту мүмкін емес, өйткені ол үшін ақпарат жеткіліксіз.

Қорыта айтқанда, видеода жасанды емес, табиғи бұлттар көрсетілген. Кадрлар Қазақстанда емес, Қытайда түсірілген. Демек, таралған видео - фейк.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!