+42 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

+42 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 18-20 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.

"Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. 18-19 шілдеде өте қатты ыстық 40-42 градус болады. Аптап республиканың оңтүстік-шығысында болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек