Президенттің 18-19 шілдеге жоспары айтылды

Президенттің 18-19 шілдеге жоспары айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады. 

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!