Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Атырау облысында жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 шілдеде сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымы тұсында Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысты.

Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!