Жүргізуші мен полиция қызметкерлерінің әрекеті Желідегілерді сүйсіндірді

Жүргізуші мен полиция қызметкерлерінің әрекеті Желідегілерді сүйсіндірді
Фото: Видео кадры

Жүргізуші мен полиция қызметкерлерінің әрекеті Желі қолданушыларын сүйсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына TikTok желісінің қолданушысынан алғыс видеосы келді. Онда Қызылорданың тұрғыны отбасымен бірге Шымкентке келе жатып, жолда көлігі бұзылғанын, осы сәтте екі полиция қызметкері көмек бергенін айтты.

Тұрғынның шынайы алғысы бейнеленген жазба көп қаралым жинап, полицейлердің әрекеті Желі қолданушыларын сүйсіндірген.

Сауран ауданына қарасты "Мәшһүр Жүсіп" ауылы тұсында патрульдеп жүрген полиция капитаны Бейбіт Әжібаев пен полиция аға лейтенанты Мейірман Турегелдиев жол бойында "Лексус" автокөлігінің тоқтап тұрғанын көреді. Мән-жайды сұрастыру барысында көліктің бұзылып тұрғанын анықтайды.

Кейін тәртіп сақшылары автокөліктің иесіне эвакуатор шақырып беріп, күн ыстықта көлік ішінде қалып қойған жүргізушінің ұл-қыздарына салқын суын жеткізіп, Шымкентке жетіп алу үшін басқа көлікті өтініш айтып тоқтатып, мінгізіп жіберген.   

Бұл - бір ғана оқиға. Жалпы, күндіз-түні жол бойын патрульдейтін батальон полицейлері мұндай оқиғамен жиі ұшырасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек