"Денем тітіркеніп кетті". Танымал бишілер америкалық әділқазыларды таңғалдырды

Фото: Видео кадры

Атай Өмірзақовтың би тобы America's Got Talent шоуында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.

Атай Өмірзақовтың айтуынша, шоуға қатысуға президент Садыр Жапаров көмектескен.

"Міне, America's Got Talent 2023 байқауының видеосы. Бұл - ең жарқын нөмірлердің шығарылымы. Осы сейсенбіде бізді америкалық телеарналар тағы көрсетеді. Сапарға көмектескен президент Садыр Жапаровқа мың алғыс. Оның көмегінсіз біз бұл шоуға жете алмауымыз мүмкін еді", – деп жазған Атай Өмірзақов.

Байқауда олар танымал Backstreet Boys - Everybody әніне "зомбилер" биін биледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATAI SHOW ADEM (@atai.show)

Желі қолданушылары оларды құттықтап пікір қалдырған. 

"Жоғары деңгейде өнер көрсеттіңдер", "Атай, таңғалдырудан жалықпайсыңдар", "Айтарға сөз жоқ, керемет", "Денем тітіркеніп кетті", "Еліміздің мақтанышы", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек