Атырауда 4 автокөлік соқтығысты: екі адам қаза тапты

Атырауда төрт бірдей автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.  

15 шілдеде Баймұханов көшесінде сағат 15:25 шамасында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда Daewoo мен Youtong маркалы автобустары мен  Toyota Camry және Hyundai Elantra автокөліктері соқтығысты.

Оқиға салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды және жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.  

Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.  

Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!