Дәрігер магний жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды атады

Дәрігер магний жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды атады
Фото: pixabay.com

Магний - бұлшықет пен жүйке жүйесіне жауап беретін негізгі элемент. Қазір адамдардың 80%-ында магний тапшылығы бар. Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында магний элементі не нәрсеге жауап беретінін және оның жетіспеушілігі қандай ауруларға әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, магний элементі ағзадағы мына нәрселерге жауап береді:

  • Қандағы қантты реттейді;
  • Қан қысымын бақылайды;
  • Дәрумендердің ағзаға сіңуіне көмектеседі.

"Егер адам кофеин, алкоголь, тазартылған қантты немесе антибиотиктерді жиі тұтынса, міндетті түрде магний жетіспеушілігі пайда болады. Сондай-ақ тәбет жоғалады, шаршай береді және көңіл-күй болмайды. Бұның бәрі магний жетіспеушілігінің алғашқы белгілері. Медицина ғалымдары күйзелістің де дәл осы магнийге қатысы бар екенін айтып келеді", - деп жазды Ұлжалғас Сманова.

Невролог магний жетіспеушілігі мына салдарларға әкелетінін айтты:

  • Аяқ-қол шаншиды;
  • Ұйқысыздық пайда болады;
  • Психикалық бұзылыстар болады;
  • Остеопороз пайда болады.

Магнийді қандай тағамдардан алуға болады. Мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова