"Ешкімнен жауап жоқ": Қостанайда сағаты бар танымал үй тұрғындары шағымын айтты

"Ешкімнен жауап жоқ": Қостанайда сағаты бар танымал үй тұрғындары шағымын айтты
Фото: visitkostanay.kz

Қостанайда сағаты бар танымал үйді су басты. Толассыз жауған жаңбыр пәтер ішіне өтіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай орталығында жөндеу жұмыстары кезінде шатырсыз қалған үйді жаңбыр суы басып қалды. Орталық алаңда орналасқан көпқабатты үйді мамырдың аяғында жөндеуге кіріскен. Қыркүйектің аяғына дейін құрылысшылар шатырды ауыстырып, қасбетін жаңартуы керек болған. Бірақ, енді жаңбырдан су басқан пәтерлерді де жөндеу керек тәрізді.

"Шатыр жақсы болатын, ешқашан су аққан жоқ. Бірақ әкімдік тұрғындарды барлығын жақсарту керек екеніне сендірді. Бір ай бұрын олар шатырды ала бастады, үйдің едені демонтаждалды, кейін жаңбыр жауғанда бәрін су басты. Осыдан кейін әкімдік пен мердігер енді жаңбыр жауса шатырды жауып, пәтерлерді жөндейміз деп уәде берді. Олар жартылай жасай бастады, ал кешке қатты жаңбыр жауды. 20 минут ішінде бізді су басты. Тіпті үшінші қабаттардағыға жетті", – дейді үй тұрғыны Наталья Харитонова.

Байтұрсынов, 55-үй мекенжайындағы тұрғындар барлық құзырлы органдарға хабарласқанымен, ешкім жауап бермегенін айтты. Әкімдіктегілер де бұл мәселе туралы білетіндерін және мердігер  салдарын өз есебінен жоятынын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан