Райымбек Баталовтың күйеу баласы жұрттың көзінше стриптиз биледі

All Davai тобының солисі Шоқан Маратұлы әріптестеріне арнап стриптиз биледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Press.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде танымал әнші, блогер Шоқан Маратұлының жеке кеште әйелдердің алдында шешініп билеп жатқан видеосы тарады.

Видеода көйлегін шешіп тастаған Шоқан Маратұлы Дильназ Ахмадиеваны ортаға шығарып алып, оны көтеріп айналдыра бастады. Кейін өнерпаздың қызды көтеруге күші жетпей, оны құлатып ала жаздайды. 

Айта кетейік, Шоқан Маратұлы Raimbek Group холдингінің иесі Райымбек Баталовтың қызымен 2017 жылы шаңырақ көтерген еді. 

Басылым мәліметінше, Шоқан Маратұлы мен Дильназ Ахмадиева бұрын жұп болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!